Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Өскеменде көлік аударылып, 2 жасөспірім көз жұмды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында жол-көлік оқиғасынан екі жасөспірім мерт болды.

апат
Фото: ҚазАқпарат

Қала прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, көлікті кәмелеттік жасқа толмаған бозбала басқарған.

- Алдын ала дерек бойынша ол жеңіл автокөлікті басқара алмай қалған. Соның салдарынан автокөлік жол жиегіндегі бөгетке соғылып, аударылып түсіп, кейіннен өртеніп кеткен, - делінген ақпаратта.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлікте болған екі жасөспірім жолаушы көз жұмды. Жүргізуші ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салсақ, осыған дейін Түркістан облысында екі көлік соқтығысып, 7 адам көз жұмғаны хабарланған.