Өскеменде көлік қаққан 6 велосипедші жасөспірімнің қазіргі жағдайы қалай
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында велосипед теуіп келе жатқанда көлік қаққан жасөспірімдердің қазіргі жағдайы белгілі болды.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көлік қаққан 6 жасөспірім бірден ауруханаға жеткізілген.
- 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдер Шығыс Қазақстан облыстық Ана мен бала орталығына жеткізілді. Тексеруден және қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін бесеуі амбулаториялық емдеуге жіберілді, - делінген ақпаратта.
Ал жабық бассүйек-ми жарақаты деген алдын ала диагноз қойылған бір адам ауруханаға жатқызылған. Қазір ол Ана мен бала орталығында тиісті ем алып жатыр.
Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде велосипед теуіп келе жатқан 6 жасөспірімді көлік қаққаны хабарланған.