Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Өскеменде көпірден секірген ер адамның денесі табылды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Өскемен қаласында көпірден секірген ер адамды іздеу жұмыстары аяқталды. 

Өскеменде көпірден секірген ер адамның денесі табылды
Фото: Павлодар облысы ТЖД

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 44 жастағы ер адам 20 шілдеде Ертіс көпірінен өзенге секіріп кеткен.

— Сол уақыттан бері құтқарушылар іздеу жұмыстарын қолға алды. Мәйіт бүгін оқиға орнынан 21 шақырымдай қашықтықта, Ертіс өзенінің Прапорщиково ауылы маңындағы тармағынан табылды, — делінген ақпаратта.

ТЖД қызметкерлері іздестіру жұмыстарын күн сайын жүргізді. Іздеу барысында ұшқышсыз ұшу аппараттары мен жүзу құралдары пайдаланылып, жақын маңдағы аудандардың жағалау аумақтары тексерілді. Сүңгуірлер жалпы саны 26 рет су астына кірген. 

Еске салсақ, осыған дейін Із-түзсіз кеткен қызылордалықтың денесі жайылымға жақын жерден табылғаны хабарланған