Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Өскеменде мектеп іші түтіндеп, 500-ден астам оқушы қауіпсіз жерге шығарылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін таңертеңгі тоғыз жарымда Өскемендегі №10 мектеп-гимназияның іші түтіндеп, салдарынан 504 оқушы мен 56 мұғалім сыртқа шығарылды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ, деп хабарлады қалалық ТЖД.

Өскеменде мектеп іші түтіндеп, 500-ден астам оқушы қауіпсіз жерге шығарылды

Эвакуация өрт сөндірушілер келгенге дейін жүзеге асырылды.

Оқиға орнына жеткен ТЖ қызметкерлері жертөледе орналасқан электр қалқанында қысқа тұйықталу орын алғанын анықтаған, өрт шыққан жоқ.

Өрт сөндірушілер ауаны түтіннен тазарту жұмыстарын жүргізді.