Өскеменде мектеп оқушылары қаладағы смогқа байланысты қашықтан оқиды

АСТАНА. KAZINFORM — Қалада үшінші күн қатарынан қолайсыз метеорологиялық жағдай (жел жоқ) сақталып отыр. Осыған байланысты 16 ақпанда 0–11 сынып оқушыларының барлығы (бірінші және екінші ауысым) онлайн форматта білім алады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

школьные парты школа мектеп
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, шешім ұзақ уақы желдің соқпауына және қолайсыз экологиялық ахуалға байланысты қабылданған. Ластанудың екінші дәрежелі қолайсыз метеожағдайы кезінде зиянды заттар ауа қабатының төменгі бөлігінде жиналып, балалардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

— Екінші дәрежелі қолайсыз метеожағдай сақталуына байланысты 16 ақпанда сабақтар қашықтан ұйымдастырылады. Оқу процесі кесте бойынша онлайн форматта жалғасады, — деп нақтылады ведомство.

Мектептерде цифрлық білім беру платформалары пайдаланылады, оқушылар мен ата-аналармен кері байланыс қамтамасыз етілген. Билік бұл шара уақытша екенін және балалардың денсаулығына төнуі мүмкін қауіптің алдын алу мақсатында қабылданғанын атап өтті.

Бұған дейін Өскемен қаласына не себепті қыста жиі тұман түсетініне қатысты әкімдік өкілдері жауап берді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум