Өскеменде Н.В.Гогольге мемориалдық тақта орнатылады

ӨСКЕМЕН. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Вита Викторова/ - Бүгін Өскеменде Гоголь көшесіндегі 36-шы үйге украин және орыс ұлттық-мәдени орталықтарының бастамасымен ұлы жазушының құрметіне мемориалдық тақта орнатылады,


Өскеменде Н.В.Гогольге мемориалдық тақта орнатылады
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.ЮНЕСКО шешімімен 2009 жыл - әлемдік әдебиет классигі Николай Васильевич Гогольдің 200 жылдығы жылы болып жарияланған болатын. Әлем жұртшылығы шығармалары көптеген тілдерге аударылған ұлы жазушының туған күнін атап өтуде. Мерейтойлық шаралар ауқымында Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан халқының Кіші ассамблеясы украин және орыс ұлттық-мәдени орталықтарының Н.В.Гогольдің туған күні құрметіне жазушы есімімен аталатын көшеде мемориалдық тақта орнату жөніндегі бастамасын қолдады. Жазушы Өскеменде ешуақытта болмағанымен, талай ұрпақ оның шығармаларымен сусындап өсті. Салтанатты шараға ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері, зиялы қауым қатыспақ.