Өскеменде Наурыз мейрамы тойланды (ФОТО)

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде Тәуелсіздік алаңында Наурыз мейрамы тойланды.

Өскеменде Наурыз мейрамы тойланды (ФОТО)

Жуырда мұнда аймақ кәсіпорындарының безендірілген киіз үйлері орнатылған. Бүгін оның иелері азаматтарды мерекелік дастархан басына отырғызып, құрмет көрсетті.

Мереке театрландырылған қойылымнан басталып, мерекелік концертке ұласты. Қала тұрғындары мен қонақтары түрлі спорттық сындарға қатысты. Ағаш шеберлері жұртшылық алдында шығармашылықтарын көрсетті. Ағаштан жасалған мүсіндер қалаға тарту етіледі. Халықтың қолөнер туындылары саудаға қойылды.

Кешкі уақытта алаңда жастардың би кеші басталады, ол отшашумен аяқталмақ.