Өскеменде Омбы институттарының күндері ашылуда
Осынау сапар аясында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде шығысқазақстандық және ресейлік ректорлардың кездесулері және «дөңгелек үстел» отырыстары өтеді.
Ресейлік әріптестермен болатын бұл кездесуде жоғары білікті мамандар дайындау ісіндегі халықаралық ынтымақтастықтың жаңа формаларының мүмкіндіктері зерделенбек. Қазақстан, Беларус және Ресейдің Кедендік одаққа кіруіне байланысты кадрлық мәселенің шешуі жаңа мүмкіндіктерге ие болуда.
Делегация құрамына Омбы мемлекеттік техникалық университетінің, педагогикалық, аграрлық, дене шынықтыру институттарының, Ф.Достоевский атындағы оқу орны мен жол қатынастары университетінің басшылары, декандары мен профессорлары кіріп отыр.
Омбы институттарының күндері Семей және Павлодар қалаларында жалғасын табады.