Өскеменде оңтүсіккореялықтармен бірлескен жоба - «POSUK TITANIUM» титан слябілерін шығаратын жаңа зауыттың кірпіші қаланды
КУРЧАТОВ. 18 қазан. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Өскеменде титан слябілерін шығаратын жаңа зауыт құрылысының алғашқы кірпішін қалау салтанаты болды. «POSUK TITANIUM» зауыты Өскемендегі титан-магний комбинатының кореялық «POSCO» компаниясымен бірлескен жобасы болып табылады.
Қазақстан-Корея кәсіпорыны 2010 жылдың тамыз айында құрылған болатын. Ал бүгін «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ-ның алдыңғы қатарлы жаңа технологияларды енгізу мен титан өнімінің нарықтағы сұранысын арттыру жөніндегі мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыру аясындағы тағы бір жобаның негізі қаланды. Жобаның құны 50 миллион АҚШ долларына бағаланған. Жаңа зауытты 2013 жылы іске қосу көзделген.