Өскеменде өртенген пәтерден 89 жастағы кейуана құтқарылды

89 жастағы кейуана
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен

Өскемен қаласында отқа оранған пәтерден 89 жастағы кейуана құтқарылды, деп хабарлайды Kazinform.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Пермитин көшесінде болған.

«Тоғыз қабатты тұрғын үйдегі пәтерде өрт шыққаны жайлы хабар түсті. Сол жерге өрт сөндірушілер жедел келіп жетті. Олар келе салысымен барлау жасап, үшінші қабаттағы пәтердің отқа оранып жатқанын анықтады», - делінген ақпаратта.

Түтін басқан пәтерге кірген өрт сөндірушілер төсек-орын мен еденді шарпыған қызыл жалынды ауыздықтады.

«Пәтер ішінде 89 жастағы кейуана ес-түссіз жатты. ТЖД қызметкерлері оны шұғыл түрде түтін басқан бөлмеден шығарып, тыныс алу аппаратымен оттегін беру арқылы алғашқы көмек көрсете бастады. Содан кейін апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері зардап шегушіні медициналық мекемеге жеткізді», - делінген хабарламада. 

Өрттің шығуына отты абайсыз қолдану себеп болуы мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар