Өскеменде Отан қорғаушылар күніне орай Қабанбай батырдың ескерткіші ашылды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменге кіреберісте көрнекті қазақ қолбасшысы Қабанбай батырға қола ескерткіш орнатылды.
Алты метрлік Қабанбай батыр ескерткішінің авторы Нұрлан Далбай қазақ қолбасшысының ат үстінде найзамен отырған бейнесін суреттеген. Автор қазақ халқының бірлігі, ынтымағы үшін айқасқан Қабанбай батыр тұлғасын айнытпай бейнелей білген.
Қаракерей Қабанбай - 18 ғасырда Жоңғар шапқыншылығында жауға тойтарыс берген қазақ әскерінің қолбасшысы, атақты батырлардың бірі. Оның есімі қазақ халқының жылнамасында Абылай, Бөгенбай есімдерімен қатар аталады.
Ерасыл Кабанбай Сырдария жағалауындағы ауылда шамамен 1691 жылы туған. 1769 жылы 78 жасында қайтыс болған. 100-ден аса шайқастарға қатысқан.
Жазық далаға іргелес аумаққа орнатылған ескерткішті ашу салтанатты рәсімінде бүгін киіз үйлер тігілді. Оған облыстың 13 қалалары мен аудандары жұмылдырылды. Ең әсем үлкен киіз үйді Үржар ауданы тікті.
Рәсімге барлық Қазақстаннан белгілі қоғам қайраткерлері қатысты, олардың ішінде Несіпбек Айтұлы, Ұлықбек Есдәулет, Секен Тұрысбеков, Камал Әбдірахманов, Алматыдан делегация және ҚР Мәдениет министрлігінің өкілдері қатысты.
Ескерткіштің ашылу рәсімі қалалық ипподромда жалғасты. Онда ат спортының ұлттық түрлері бойынша жарыс өтуде.
Еске сала кетейік, ескерткішті жасауға және орнатуға 105 млн. қаражат кетті. Монумент жобалаушылар - «Таймас СД» ЖШС, ал дайындаушы - «Балқыту» ЖШС.