Өскеменде пәтерінде есірткі дайындаған әйел тұтқындалды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде пәтерінде есірткі дайындаған 31 жастағы жергілікті тұрғын құрықталды. Улы зат көкнәрдан қайнатылып, сол мезетте пайдаланылған.
None
None

Өз пәтерін нашақорлар ұясына айналдырған әйел сыйақы ретінде ары қарай пайдаланатын көкнәр алып отырған.

Красин көшесіндегі үйлердің бірін тінту кезінде ШҚО ІІД наркобизнеспен күрес басқармасының қызметкерлері наша дайындайтын ыдыс, ондаған ине, бөтелке және қоспа қалдықтары бар флакондар тапқан.

Берілген факт бойынша,ҚР ҚК 302 бабы, 1 бөлімі «Есірткі заттарын тұтынуға арналған орынды ұйымдастыру және сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлады облыстық ІІД.

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан аймағында есірткі тұтыну орнын ұстағаны үшін бес адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 

Соңғы жаңалықтар