Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Өскеменде пластикті қайта өңдейтін мобильді станция іске қосылады

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында 2029 жылға дейінгі «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асырудың өңірлік жоспары жаңартылды. Құжаттағы негізгі жобалардың бірі – Өскемен қаласында пластик қалдықтарын қайта өңдеуге арналған экологиялық эко-тракты іске қосу.

Мобильную станцию по переработке пластика запустят в Усть-Каменогорске
Фото: istockphoto.com

Жылжымалы кешен шредер, экструдер және пластик қалдықтарын сол жерде-ақ қайта өңдеуге мүмкіндік беретін өзге де заманауи жабдықтармен қамтылады.

– Эко-трак қалдықтарды қайта өңдеу жүйесін дамытуға және халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған нақты жобалардың бірі болады, – делінген өңірлік жоспарда.

Бұдан бөлек, облыста қалдықтарды басқару инфрақұрылымын кеңейту көзделген. Алтай және Шемонаиха аудандарында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бойынша екі жоба жүзеге асырылмақ.

Құжатқа сәйкес, 2029 жылға қарай Шығыс Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 28 пайыздан 33 пайызға дейін арттыру жоспарланған. Сонымен қатар тұрғындардың экологиялық өмір сапасына қанағаттану деңгейін 49 пайыздан 55,2 пайызға дейін жеткізу көзделіп отыр.

Аймақта экологиялық бақылауды күшейту шаралары да қарастырылған. 2027 жылдың соңына дейін облыс аумағында экологиялық заңбұзушылықтарды тіркейтін 500 бейнекамера орнату жоспарланса, Өскеменде атмосфералық ауаның сапасын бақылайтын қосымша автоматтандырылған мониторинг бекеті іске қосылады.

Еске салсақ, осыған дейін Алматыда 1200-ден аса пластик қақпақ қайта өңдеуге тапсырылғаны хабарланған