Өскеменде полицейді өлтірген ер адам ұсталды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Өскемен қаласында полиция қызметкерін өлтіріп кетті.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 4 қазанға қараған түні Өскемен қаласындағы дәмханалардың бірінде болған.

Преступление Қылмыс наручники задержания Кісен ұсталды МВД РК ҚР ІІМ
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

— Дәмханаға келушілердің бірі өзін дұрыс ұстамағаны үшін ескерту жасаған 40 жастағы жергілікті тұрғынға дене жарақатын келтірген. Алған жарақаттарының салдарынан ол қайтыс болды. Күдіктінің әрекетінен тағы бір азамат зардап шекті, — делінген ақпаратта.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

— Қаза болған азамат полиция қызметкері болған. Оқиға кезінде ол қызметте болмаған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды, — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде ірі көлемде психотроптық заттар саудалаған екі адам ұсталғаны хабарланған.