Өскеменде психотроптық заттарды саудалаған екі қарағандылық ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында психотроптық заттарды саудалаған Қарағанды облысының екі тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы мен Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бірлесіп 26 және 23 жастағы Қарағанды облысының екі тұрғынын құрықтады. Олар Өскеменнен пәтер жалдап, психотроптық заттарды әлеуметтік желі арқылы саудалаған.

«Пәтерді тінту кезінде психотроптық заттың 1000-нан астам бір реттік дозасы табылды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Тәркіленген психотроптық заттардың «қара нарықтағы» бағасы 12 млн теңгені құрайды», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар
telegram