Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Өскеменде Республика алаңында еңбек ұжымдарының мерекелік шеруі өтті

ӨСКЕМЕН. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін, Ата заңымыздың 15 жылдық мерейтойы күні Өскемендегі Республика алаңында еңбек ұжымдарының, студенттер мен оқушылардың мерекелік шеруі өтті. Әсем безендірілген орталық алаңмен жүріп өткен оларға қала тұрғындары мен қонақтары, жергілікті атқарушы билік өкілдері шапалақтап құрмет көрсетті.

Өскеменде  Республика алаңында   еңбек  ұжымдарының мерекелік   шеруі    өтті

Одан кейін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жиналған қауымды мерекемен құттықтап, барша халыққа гүлдену тіледі. Содан кейін «Қазақстан Республикасының өнер қайраткері» төсбелгілерін табыс ету рәсімі өтті.

Алаңда айналдыра орнатылған үлкен экрандардан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мерекелік құттықтауы трансляцияланды. Одан кейін өнер ұжымдары дайындаған театрландырылған ойын қойылып, оның соңы қазақстандық жұлдыздардың гала-концертіне ұласты.