Өскеменде саяжайда болған өрт салдарынан үш адам қаза болды

ӨСКЕМЕН. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін түнде Өскемендегі «Энергетик» бау-бақша қоғамында саяжай үйі өртенді. Тілсіз жау құрықталғаннан кейін өрт сөндірушілер оқиға орнынан үш адамның күйік шалған мәйітін тапты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. Қаза болған азаматтардың тұлғалары мен жастары нақтылануда. Өрт сөндірушілердің айтуынша, өрт үйдің шатырынан шыққан. Өрт 1,5 сағатта сөндірілген. Төтенше жағдайлар қызметінен хабарлағанындай, өткен тәулікте өңірде 14 өрт өрт оқиғасы тіркеліп, оларда 3 адам қаза болыпты. Өрт оқиғаларының басым бөлігі жеке үйлер аумағында орын алған.
Соңғы жаңалықтар