Өскеменде саяжайшыларға базарлардан өнімдерін сататын тегін орын берілді

ӨСКЕМЕН. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Облыс орталығындағы қалалық кәсіпкерлік бөлімі журналистермен бірлесіп тұрғындардың базарлар басшыларына көптеген сын-ескертпелеріне орай рейд өткізді,

Өскеменде саяжайшыларға базарлардан өнімдерін сататын тегін орын берілді

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ардагерлер кеңесі төрағасының сөзіне қарағанда, олар қала әкімі Ислам Әбішевке хат жазып, қаланың орталығына қарағанда, шағынаудандарда жеміс-көкөніс өнмдерінің бағасы жоғары болып отырғанына шағым жасаған. «Мәселен, жергілікті жылыжайда өсірілген қызанақтың бағасы бізде 180-200 теңге тұрады, ал қалада оның бір килограмы 140-160 теңгені құрайды. Біздің шағымдарымызға қала басшылығы шұғыл үн қатып, қазір баға бір жобаға келіп қалды», - деді ардагер Серік Оразбақұлы.

Қалалық әкімдіктің кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Светлана Давыдова базар әкімшіліктерімен уағдаластыққа қол жеткізіліп, меморандумдар жасалғанын, енді негізгі көкөніс өнімдеріне сауда үстемесі 10-15 пайыздан аспайтынын айтты.

Саудагерлермен тіл табысу оңайға түскен жоқ, бірақ жағдайды түзеуге мүмкіндік жасалды. Аудан әкімінің өкімімен көшедегі сауда тәртіпке салынды, сондай-ақ әр базарда саяжайшылардың өз өнімдерін өткізуі үшін арнайы тегін сауда орындары бөлінді.