Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Өскеменде су астында қалған елді мекендердің маңайындағы өзендерде су деңгейі төмендеп келеді

АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы Ескі Сөгір кентіне жақын орналасқан өзендерде су деңгейі төмендеп келеді, жағдай тұрақтана бастады.

Өскеменде су астында қалған елді мекендердің маңайындағы өзендерде су деңгейі төмендеп келеді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің шұғыл хабарламасына сәйкес, 14 сәуір сағат 21.00-дегі жағдай бойынша, аталмыш кентте 63 үйді су басып қалды. Дамбыны бекіту жұмыстары аяқталды.

Төтенше жағдайды жоюмен ҚР ТЖМ ШҚО бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы мен күштері айналысуда.

Онымен бірге, ШҚО-ның Зырян ауданында су басу жағдайларының алдын алу үшін Богатырево ауылының аумағынан ағып өтетін Бұқтырма өзенінде мұз қатпарларын жару арқылы босату жұмыстары жүргізілді. Барлығы 15 жарылыс жасалды.

«Богатырево ауылының маңындағы өзенде мұз кептелістері азайып, су деңгейінің азаюы байқалуда. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында «ШҚО Авиациялық бөлімшесі» КМҚК-ның МИ-8 тікұшағымен Зырян ауданының сулы нысандарын көктен бақылау жүзеге асырылуда. Үйлер мен елді мекендерді су басу қаупі жоқ», - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметінен.