23:46, 20 Қаңтар 2020 | GMT +5
                                        Өскеменде тағы бір жылы аялдама салынды
                                            ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында жеке кәсіпкердің қаражатына жылы аялдама салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
                                        
                                        
                                     
                                              Жаңа жылы аялдама Е.П. Славский атындағы жағалаудың Мемориалдық кешен аялдамасында орнатылған.
«Бұл аялдама — сол маңдағы мейрамхана иесінің сыйы. Көктем шыққанда кәсіпкер абаттандыру жұмыстарына да атсалыспақ», – деп хабарлады Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Осымен, Өскеменде жылы аялдамалар саны 12-ге жетті. Қалған аялдамалар Қасым Қайсенов, Мешіт, Ана мен бала орталығы, Достық, Молдағұлова, Егоров, Жаңа Ахмер, Қазақстан (2 дана) Казцинк және Спорт сарайы аялдамаларына орнатылған.
