Өскеменде терезе жуамын деп бесінші қабаттан құлаған әже көз жұмды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Өскемен қаласында бесінші қабатта тұратын 83 жастағы әже терезе жуамын деп құлап кетті.

терезе
Фото: istockphoto.com

Оқиға 30 шілде күні қаладағы Алматы көшесінде болған.

— Анықталғандай, қарт әйел бесінші қабатта терезе жуған кезде қауіпсіздікті сақтамаған. Соның салдарынан құлап кетіп, алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қалалық Прокуратураның мәліметінше, былтыр Өскеменде 4 адам терезеден құлап кетсе, биыл мұндай 7 оқиға тіркелген. Оның үшеуінде көз жұмғандар — балалар.

Осы ретте, тәртіп сақшылары халыққа қауіпсіздік шараларын сақтамаудың салдары қайғылы жағдайға әкеліп соғуы мүмкіндігін ескертті.

Еске салсақ, осыған дейін Павлодарда әйел мен екі баласының терезеден құлауы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған.

Соңғы жаңалықтар