Өскеменде тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасының жобасы талқыланады

ӨСКЕМЕН. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Өскеменде облыс әкімінің орынбасары Түсіпхан Түсіпбековтың төрағалығымен облыс әкімі жанындағы Жастар істері жөніндегі кеңестің отырысы өтеді.

Өскеменде тілдерді  қолдану мен дамыту   бағдарламасының  жобасы  талқыланады

Облыстық әкімдіктен хабарлағандай, отырыста «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» жобасы талқыланбақ. Мәжілісте бағдарлама жобасына қосу үшін облыс жастарының атынан ұсыныстар мен кеңестер талдап жасалады. Сондай-ақ, «Шығыс Қазақстан облысындағы тіл жағдайы» әлеуметтік зерттеу жұмысының таныстырылымы өтеді деп күтілуде.