20:30, 03 Наурыз 2009 | GMT +5
Өскеменде туризм және спорт саласындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойылды
СЕМЕЙ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ – Студенттер мен жастар арасында туризм және спорт саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және жастардың бос уақыттарын ұйымдастыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының және Өскемен қаласының әкімдіктері
облыстық басқармалардың, жоғары оқу орындары ректорларының басшыларымен және жастар ұйымдарының өкілдерімен меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Осы меморандум тығыз әріптестік және өзара түсіністік негізінде туризм, дене тәрбиесі және спорт салаларындағы көпжақты ынтымақтастықты нығайтуды және дамытуды көздейді.Қол қойылған құжат жастардың денсаулықтарын сақтау мен нығайтуды, бұқаралық спортты, мүгедек студенттерге арналған спортты, жоғары жетістіктер спортын дамытуды және жеңілдіктер негізінде Өскемен қаласының спорт мекемелерінде дене тәрбиесімен және спортпен айналысу құқығын студенттерге беру мүмкіндіктері арқылы жастардың бос уақыттарын ұйымдастыруды көздейді.