Өскеменде ҰБТ кезінде бірнеше адамға айыппұл салынып, 12 адам қамауға алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскеменде 3 маусым күнгі Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде бірнеше адам айыппұл төлеп, 12 адам қамауға алынды.
None
None

Яғни, тест тапсырушы түлектердің туыстары мен ата-аналары аудиторияға ұялы телефондар мен шпаргалкаларды өткізуге әрекеттенген, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге дейін полиция қызметкерлері оқу орны ғимаратын толық бақылауға алса да, ата-аналар мен жақындары оқушыларға барынша «көмектесуге» тырысты. Олардың бірі ұялы телефон мен өзге де көмек құралдарын терезеден лақтыру кезінде қолға түссе, енді біреулері жасырын камера мен рация пайдаланбақ болғандары үшін әшкере болды. Жалпы бұл күні тестілеу ережелерін бұзғаны үшін 12 азамат уақытша қамауға алынды.

«Олар өздерінің наразылықтарын білдірді. Адамды түсінбейсіңдер, мұндай сәтте көмек көрсетуге болады дегенді айтады. Ал біз заң алдындағы міндетімізді орындадық», - деді Өскемен қалалық «Ертіс» полиция бөлімі басшысының орынбасары Марат Дубаев.

Кейбір түлектер тыйым салынған құрылғылар мен шпаргалкаларды пайдаланғандарын жасырмады да. Дегенмен ұлттық тестілеу орталығының мамандары мұндай жағдайлар ара-кідік болды деп санайды. Олар тест тапсырушылардың қатаң бақылауда болғанын, сынақ тапсыруға барлық жағдайлар жасалғанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар