Өскеменде үйдің қабырғасына полицейлерге арналған мурал салынды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскеменде полицейлерге арналған мурал ашылды. Бұл туралы Рolisia.kz жазды.

Өскеменде полицейлерге арналған мурал салынды
Фото: Рolisia.kz

Қазақстан полициясы күнін мерекелеу қарсаңында Өскеменде 5 қабатты тұрғын үйдің қабырғасын безендірген арт-объект ашылды.

Суретші кірпіштен жасалған «кенепте» баланы қолында ұстап тұрған полиция қызметкерін бейнелеу арқылы ішкі істер органдарының қызметкерлерінің азаматтардың тыныштығын қорғауды қамтамасыз ететінін көрсеткен.

Соңғы жаңалықтар