11:12, 30 Тамыз 2009 | GMT +5
Өскеменде жаңа тұрғын үйлер пайдалануға берілді
ӨСКЕМЕН. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменде сол жағалауда орналасқан екі жаңа тұрғын үй Конституция күнінде пайдалануға берілді. Молдағұлова көшесіндегі үйлердің тапсырылуына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен қала әкімі Ислам Әбішев қатысты.
Осы шағын ауданда мемлекеттік бағдарлама аясында төрт үй тұрғызылуда. Олардың ішінде бүгін тапсырылған екі үйдің біріндегі 27 пәтер жалға берілетін және 13 несиелік пәтерлер, ал екінші үйдегі барлық 40 пәтер де - несиелік. Құрылыстың жалпы құны 670 млн. теңгені құрады, олардың ішінде 640 млн. теңгесі қазірдің өзінде игерілді.