16:11, 19 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Өскеменде жанар-жағармай бағасы күн санап өсіп жатыр
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының орталығында бензин бағасы өсіп келеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Бүгін, 19 қыркүйек күні АИ-92 маркілі жанармайдың құны бір литріне 147-ден 150 теңгеге дейін өсті. Гелиос жанармай бекеттерінде АИ-95 бензинінің құны - 161 теңгеге жетсе, кеше ғана оның бағасы литріне 160 теңгені құраған.
Жанармай бекеттерінде жазғы дизельдік жанармай 148-149 теңге тұрады. Облыс орталығынан шыға берісте бүгін таңертең АИ-95 бензині мен дизельдік жанармай құны - 146 теңгені құраған. Бензин маркаларының арасында ең қымбаты - премиум евро, оның бір литрі 169 теңге тұрады. Бірнеше күн бұрын оның бағасы 160 теңгеден аспаған еді.
Еске салайық, жанар-жағармай материалдарының бағасы өткен аптада шарықтап кеткен болатын.