Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Өскеменде жас ғалымдардың ғылыми-тәжірибелік конференциясының пленарлық мәжілісі өтеді

ӨСКЕМЕН. 8 сәуір. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Өскеменде жас ғалымдар мен студенттердің «Білім, ғылым және инновация бірлігі» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының пленарлық отырысы өтеді.

Өскеменде    жас ғалымдардың  ғылыми-тәжірибелік конференциясының  пленарлық  мәжілісі   өтеді

Конференцияда Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде бұл күндері ядролық және ақпараттық-коммуникативтік зерттеулер мен технологиялар, химия, физика, математика және математиалық модельдеу саласындағы зерттеулер, биологиялық индустрия, энергияның дәстүрлі және орны толтырылатын көздері, агроөнеркәсіптік және кен-металлургиялық кешен, әлеуметтік-гуманитарлық сала бағыттары бойынша өткен секциялық отырыстардың қорытындысы шығарылады.

Бұл форумға еліміздің түрлі жоғары оқу орындарынан келген жас ғалымдармен және студенттермен қатар оқушылар да, атап айтқанда химия-биологиялық бағыттағы «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» оқушылары да қатысуда. Балалар өз еңбектерін жоғары оқу орындарының зертханаларында жүріп жазды. Сециялық мәжілісте «Атом ядроларының тұрақтылығын анықтау» тақырыбында тамаша ғылыми баяндама жасаған «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» 9-шы сынып оқушысы Ілияс Нұрахметов, республикалық конференцияға қатысу оның өміріндегі маңызды оқиға екенін айтып отыр.