Өскеменде Жеңіс мемориалында еске алу вахтасы басталды

ӨСКЕМЕН. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Өскеменде 8-ші рет Еске алу вахтасы басталды, онда мамырдың 7- інен 9-ына дейін қалалық әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері өнер көрсетеді.
None
None

Отан қорғаушылар күніне орай ашылған еске алу вахтасы бүгін  қалалық мектептерінің салтанатты гүл қою рәсімінен басталды.

Өскеменде 4 әскери-патриоттық клуб жұмыс істейді. Атап айтқанда,«Сұңқар», «Радуга», «Бүркіт» және «Спасатель». Олар қаланың әртүрлі мектептерінің 11-17 жас аралығындағы 420 оқушысын біріктіреді.

«Халықаралық және республикалық әскери-патриоттық слеттер мен шаралардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Жеңіс мемориалына Еске алу вахтасында күзетте болу құқығын ие болмақ. 108 бала күзетте, қарауыл 15 минут сайын ауысып тұрады».

Соңғы жаңалықтар