Өскеменде жер үйдің қорасынан 1,7 млн. теңгесі бар жерге көмілген сейф табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көлік полицейлері ішінде 1,7 млн. теңге көлемінде ақша жатқан жерге көмілген сейфті тапты, деп хабарлайды көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Өскемен қаласындағы Защита стансасындағы Желілік полиция бөлімінің қылмыстық полицейлерінің жедел-іздеу шараларын өткізу кезінде қаладағы жекеменшік үйлердің бірінің қорасында 2013 жылдың наурыз айында жекеменшік фирмалардың бірінің кеңсесінен ұрланған, ішінде 1 681 761 теңге жатқан жерге көмілген сейф табылып, алынды.

Ұрлықты жасады деген күдікпен үйдің 43 жастағы иесі ұсталды.

Материал қылмыстық іске араластыру үшін Өскемен қалалық ІІБ-нің Үлбі полиция бөліміне тапсырылды.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар