Өскеменде ЖРВИ жұқтырғандар көбейіп, ауруханаларда шектеу шаралары енгізілді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында жіті вирустық инфекция жұқтырғандар саны 70 мыңға жуықтады.

2,4 млн қазақстандық ЖРВИ-мен ауырды
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Шығыс Қазақстанда тыныс алу жолдары инфекцияларын жұқтырғандар саны күн сайын артып барады. Бүгінде 70 мыңға жуық адамға ЖРВИ диагнозы қойылған. Оның ішінде 200-ден астам жүкті әйел бар.

Осыған байланысты Өскемендегі Ана мен бала орталығында эпидемиологиялық шектеу шаралары енгізілді. Соның аясында босану бөлімшелерінде серіктестің болуына уақытша тыйым салынып отыр.

- Карантиндік талаптардың күшеюіне байланысты серіктеспен босану уақытша тоқтатылды. Босану бөлмелерінде олардың қатысуына рұқсат берілмейді. Қалыпты тәртіптің қайта енгізілуі туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады, - делінген орталық өкілдері таратқан ақпаратта.
Бұдан бөлек аймақта гонконг тұмауының да өсімі тіркеліп отыр. Бүгінде бұл инфекцияны жұқтырған 50-ге жуық адам анықталған.

Еске салсақ, осыған дейін СҚО-да бір аптада «гонконг тұмауын» жұқтырғандар саны екі есе артқаны хабарланған