Өскеменде жылу электр стансасынан өрт шыққан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскемен қаласындағы Согринская көшесінде орын тепкен жылу электр стансасының №2 конвейерінен өрт шыққан.
None
None

Кеше күндізгі сағат 16-лар шамасында мұнда 40 метрлік транспортерлік таспа, электр кабелі мен бункердегі 20 тонна көмір тұтанған.

Аумағы 40 шаршы метрді шарпыған тілсіз жау сағат түнгі 22-лер шамасында ауыздықталды. Оны сөндіру жұмыстарына Шығыс Қазақстан облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 65 адамы мен 16 техникасы, ҚР ТЖД 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар