Өскемендегі жылу магистралі қалпына келтіріліп, үйлерге жылу берілді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM - Өскемен қаласындағы Жібек маталар комбинаты ықшам ауданындағы жылу магистралі қалпына келтіріліп, үйлерге жылу берілді.

Жылу энергетикасы
Фото: Kazinform

Кешелі бері қаладағы Жібек маталар комбинаты ықшам ауданындағы жылу магистралінде құбыр жарылып, үйлер жылусыз қалған.

Қазіргі уақытта “Шығыс жылу” АҚ мамандары ақау болған жерді қалпына келтірді.

- Ақау себебі анықталған соң жөндеу жұмыстары тоқтаусыз жүргізілді. Жылу магистралі құбырлары қанағаттанарлық жағдайда. Пайдалану мерзімі – 10 жыл. Қазіргі уақытта қалыпқа келтіру жұмыстары толық аяқталды. Барлық үйлер мен нысандарға жылу берілді, - деп хабарлады ШҚО әкімдігінен.

Еске салсақ, 16 қараша күні Өскемендегі жылу магистралінде құбыр жарылғаны хабарланған

Сол жерде екі бригада ауысыммен жұмыс істеді. 

Соңғы жаңалықтар