19:32, 10 Ақпан 2009 | GMT +5
Өскемендегі баға жағдайы бақылауға алынған ? қала әкімдігі
ӨСКЕМЕН. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ – Бүгін болып өткен брифингте Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Хұддажмет Зиамов теңгенің құнсыздануынан туындаған жағдайды тұрақтандыру бойынша қала билік органдарының қабылдаған шешімі туралы әңгімелеп берді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Оның айтуынша, бүгін Өскеменде 16 кәсіпорын қаржы дағдарысының зардаптарын іс жүзінде сезінген. Бұлар негізінен металлургия кәсіпорындары, олардың ішінде жұмыстары металлургия кәсіпорындарымен байланысты шағын және орта бизнес нысандары да бар.Кейбір кәсіпорындарда өндіріс көлемі төмендеген, оның салдарынан жұмыстар қысқартылған кестеге көшірілді немесе қызметкерлер әкімшілік демалысқа жіберілді. Зиамовтың деректеріне қарағанда, 500 адам әкімшілік демалысқа шыққан, 700 адам жұмыссыз қалған, олардың 450-і еңбекпен қамтылды.Инфляциялық үдерістерді тежеу жөніндегі іс-шаралар туралы сөз қозғай келе әкімнің орынбасары қала билік органдарының қолданып отырған қадамдары туралы әңгімелеп берді. Мысалы, ақпанның 4-інде облыс әкімі Әділғазы Бергенев пен қала әкімі Темірбек Қасымжанов Өскемендегі бірқатар сауда кәсіпорындарында болып, азық-түлік өнімдерінің бағаларымен танысты. «Бұл түстен кейін болған еді және ешқандай дүрлікпе сұраныс байқалмады, сондай-ақ бағаның өсуі де сезілмеді», ? деді ол. Ал ақпанның 5-інде жағдай өзгерді. Қала әкімдігіне тұрғындардан бірқатар тауарлардың бағалары өскендігі жөнінде қоңыраулар түсе бастады. Бұлар негізінен аймаққа сырттан әкелінген тауарларға қатысты болды. Нанның, сүттің, өсімдік майының, шұжық өнімдерінің және т.б. бағалары өзгеріссіз қалды.Кешке қарай жедел топ жанар-жағармайлардың бағалары бойынша тексеру рейдтерін өткізіп, одан кейін бағалар ақпанның 4-індегі деңгейге түсірілді.Жанар-жағармай бағаларының деңгейі ақпанның 6-сынан бастап күн сайын бақылауға алынып отыр.