Өскемендік «Алтай» клубының волейболшылары Қазақстан чемпионы атанды

Ұлттық лиганың әйелдер командасы арасындағы волейбол бойынша Қазақстан чемпионаты финалының екінші матчында Өскеменнің «Алтай» командасы талдықорғандық «Жетісу» командасын жеңді. Ойын аяқталғаннан кейін марапаттау рәсімі өтті. «Алтай» клубының ойыншылары мен бапкерлік штабына Ұлттық лига чемпионының кубогы мен алтын медальді ШҚО әкімі Д. Ахметов табыс етті.
Сондай-ақ жеңімпаздар ШҚО әкімдігінен 5 млн теңгенің сертификатын алды, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.
Енді «Алтай» клубы Филиппинде 2016 жылы 3-13 қыркүйекте өтетін Азия чемпионатында Қазақстан атынан жарысқа қатысатын болады.
«Алтайдың» үш ойыншысы ҚР Волейбол федерациясының арнайы жүлдесін алды. Ирина Лукомская - үздік байланыстырушы, Ольга Бирюкова - үздік шабуылдаушы, риддерлік волейбол тәрбиеленушісі Инна Матвеева - ең бағалы ойыншы атанды.
Бұдан бұрын ШҚО-дан «Алтай» ерлер волейбол клубы Қазақстан чемпионы болған».