Өскемендік ғалым өзін-өзі сауықтыратын наноұнтақ жасап шығарды

Алексей Башкирцев жасап шығарған биобутанол (биожанармайдың бір түрі) сынақтан сәтті өтті.
Бұдан бөлек ғалымның айтуынша, ол озық нанотехнологияның көмегімен күшті сауықтыру әсері бар өсімдік ұнтақтарының ерекше түрін ойлап тапқан.
Ғалым мен оның жасап шығарған дәрі-дәрмектері Еуразия өңірінің 30 елі арасында өткізілетін Халықаралық кәсіпорындар мен кәсіпкерлері конкурсында мойындалды.
«Сені елеп-ескеріп жатса, қандай керемет! - деп бөлісті Алексей Алексеевич өз әсерімен.
«Бұл дегеніміз - біз басқалардан кем емеспіз, тіпті кей жерлерде олардан артықпыз. Мен қоғамдық маңызға да, мемлекеттік маңызға да ие жаңа идеяны алға тарттым. Бұл - халықты сауықтыру және нашар экологияның салдарымен күресу. Бұл идеяның аты - фитомиллы».
Ғалымның ойлап тапқан дүниесі - «фито» - өсімдік, «миллы» - тартқыш, ұсақтау деген мағынаны білдіреді. Яғни, өсімдік ұсағының ерекше формасы. Адамның ағзасы өзін-өзі емдеу үшін күніне аталмыш дәріден бір шәй қасық пайдаланса болғаны.