Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Өскеменнен облыстың алыс аудандарына қайырымдылық көмек тиелген автоколонна аттанды

ӨСКЕМЕН. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Өскеменнен Абай ауданы мен Семейдің Абыралы селолық округтерінің тұрғындарына гуманитарлық көмек және техника жөнелтілді,

Өскеменнен  облыстың алыс аудандарына  қайырымдылық көмек  тиелген  автоколонна аттанды

деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.

Жем-шөп және отын тиелген жеті көлік, сондай-ақ жол техникасының колоннасы бүгін таңертең Абай ауданына қарай бет алды.

Бұрын-соңды болмаған қарлы және аязды қыстың салдарынан Абай ауданында мал қырылуда. 45 градусқа дейін жеткен үскірік аяз жолдарды тазартуды қиындатып отыр. Нәтижесінде фермерлер аймақ әкімшілігінен көмек сұрауға мәжбүр болды. Гуманитарлық көмек көрсету, жолдарды тазалауға техника мен отын бөлу туралы жергілікті атқарушы биліктің үндеуіне бірқатар өскемендік кәсіпкерлер үн қатып отыр.

Қалыптасқан жағдайға түсіндірме берген қала әкімі Ислам Әбішев, қайтарымсыз көмек көрсетіп отырған кәсіпкерлерге алғысын білдірді. «Мұндай азаматтар құрметке лайықты», деп атап көрсетті әкім өз сөзінде.

Ерлан және Ержан Нұрбаев (Өскемен диірмен комбинаты мен «Шығысагрохолдингі» компаниясы) пен Зарлыхан Мұхамедиев («Өскемен май» ЖШС) деген азаматтар малшыларға 40 мың тоннадан астам жем берсе, өскемендік «Шығыс жолдары» және «Өскемен Тәртіп» компаниялары К-700 техникаларын, отын материалдарын жөнелтіп отыр.

Бүгін облыс орталығында ауа райы 42 градус суық шамасында.