Өскеменнен Үржарға және Семейге тұрақты әуе рейстері қайта жанданды - Шығыс Қазақстан

Үржар әуежайындағы ұшып-қону алаңы мен әуежай ғимараты қайта жаңартылып, жердегі навигация жүйесі авиациялық көліктік бақылаудың талаптарына сәйкестірілгеннен кейін ұшу сапарлары қайта жандандырылып отыр. Бүгін түстен кейін 48 орындық АН-48 ұшағы Өскеменнен Үржарға ұшып шығады. Үржар әуежайы сәйкестік сертификатын алды.
Үржарға билеттің құны - 6 мың теңге, Семейге - 2 мың теңге, Семейден Үржарға - 5 мың теңге, ал әуе рейсін орындау үшін қажетті ақша айырмасын бюджет төлейтін болады.
Өскемен әуежайынан қуаттағандай, Семейге және Үржарға әуе рейстері аптасына екі рет - дүйсенбі және жұма күндері орындалатын болады.
Облыстың алыс аудандарына әлеуметтік әуе тасымалдары осыдан екі жыл бұрын басталған болатын. Аймақтың авиациялық бағыттарының тізбесінде Өскемен-Зайсан бағытындағы рейс те бар, билеттің құны - 5,5 мың теңге.
Наурыз айынан бастап Күршімге әлеуметтік әуе рейстері жанданбақ, ал көктемнен бастап Қатонқарағайға әуе рейстері басталады. Бұл екі алыс ауданға 12 орындық АН-2 ұшақтары ұшатын болады, билеттің құны - 3,5 мың теңге.