17:58, 19 Қаңтар 2009 | GMT +5
Өскеменнің әкімі халық алдында алғашқы есеп беру өткізеді
ӨСКЕМЕН. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ – Бүгін Өскеменнің әкімі Темірбек Қасымжанов халық алдында есеп беруді бастады.
Халықпен есеп беру кездесуінің кестесі бойынша жоспарланған он кездесудің алғашқысы бүгін өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыс орталығы басшысының алты есептік кездесуі қаланың шағын аудандарында өтеді, тағы төртеуі ? мақсатты аудиторияда, яғни кәсіпкерлермен, жастар өкілдерімен, «Қазмырыш» қызметкерлерімен және дәрігерлермен өткізу жоспарланған.Қаңтардың 30-ында өтетін кеңейтілген қалалық мәслихаттың сессиясына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Әділғазы Бергенев қатысып, Т.Қасымжанов 2008 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп береді.Есеп науқаны басталғанға дейін бірнеше күн ішінде қалада облыс орталығының басшысына жазбаша өтініш үшін жәшіктер орнатылған болатын.