19:14, 27 Қаңтар 2009 | GMT +5
Өскеменнің әкімі Меновнов ауылдық округінің халқы алдында есеп берді
ӨСКЕМЕН. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ – Бүгін Өскеменнің іргесінде орналасқан Меновнов ауылдық округінде облыс орталығының әкімі Темірбек Қасымжановтың кезекті есеп беру кездесуі болып өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, облыс орталығы әкімінің мұның алдында халықпен болған жеті кездесуіне екі мың қала тұрғындары қатысқан. Олардың 157-сі қала әкіміне жеке сұрақтарын қойды, тағы ондаған сұрақ-өтініштер кездесу орындарында орнатылған «пошта жәшіктері» арқылы тікелей қалалық атқарушы билік бөлімдеріне түсті. Қаңтардың 30-ында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Әділғазы Бергеновтің қатысуымен қалалық мәслихаттың кеңейтілген отырысы болады. Онда Өскемен қаласы әкімінің биылғы жылғы қорытынды есеп беру кездесуі өтеді.