Өскеменнің медициналық мекемелерінде олардың қызметін жақсарту үшін айтылатын ұсыныстарды жинау басталды
ӨСКЕМЕН. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - 1 ақпанда Өскеменнің 10 отбасылық-дәрігерлік амбулаторияларында қала тұрғындарынан мекеме қызметін жақсарту үшін айтылатын ұсыныстарды жинау үшін жәшіктер орнатылды.
Сонымен қатар, қала әкімінің виртуалдық қабылдауларында да ұсыныстарды жинау науқаны басталды. Әрбір қала тұрғыны медициналық қызмет сапасын арттыру бойынша өз ұсыныстарын айта алады. Содан кейін келіп түскен арыз-тілектерді «Нұр Отан» ХДП қалалық партия ұйымдарының мүшелері талқылайтын болады.
Сонымен қатар диагностикалық орталықта партиялық бақылаушылар тобы өз жұмысын бастап та кеткен. Және де партиялық топ денсаулық сақтау мекемелерінің басшылығымен бірге қала ауруханаларындағы кезек күту мәселесін қарап, шешу жолдарын іздеуде.