Өскеменнің сумен қамту мекемелері «Таза су» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты ауқымды шараларды қолға алуда
ӨСКЕМЕН. Шілденің 26-сы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бір мезетте Өскеменнің үш қала маңындағы ауылдарында «Таза су» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ауқымды шаралар қолға алынды. Бұл, облыс орталығының қала маңындағы ауылдарының 10 мыңдай адамы сапалы таза сумен қамтамасыз етіледі деген сөз, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
«Өскемен су арнасы» МКК өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Наталья Дрождинаның айтуынша, үстіміздегі жылдың өзінде Меновныйдағы су құбыры желісін алғаш рет салудың жобасын толықтай қаржыландырудың мәселесі шешілетін болады. Осының арқасында жыл бойына 5 000-нан астам тұрғын таза судан таршылық көрмейтін болады. Тағы бір жағымды жаңалық бар. «Су құбырының желісі су алу құбырына жалғасып жатқандықтан, ауылдықтар суға қалалық деңгейде төлейді. Тілек білдіргендердің барлығына суды үйлеріне дейін жеткізіп береміз, бұл қызметті олар өздері төлеп отырады. Бұндай қызметтің бағасы әр түрлі деңгейлерге байланысты, орташа баға - 60 мың теңге. Тапсырыстар түсіп жатыр, біз су құбырына қосылуды жүзеге асырумен айналысып жатырмыз», - дейді ол.
Еске сала кетейік, Меновныйдағы су желілерін салудың жалпы құны - 206 496, 950 мың теңгені құрайды.