17:19, 25 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Өскеменнің үздік спортшыларына наградалар мен сыйлықтар табыс етілді
ӨСКЕМЕН. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Қол күрестен (армрестлинг) Қазақстан чемпионы, жасөспірімдер арасында 2008 жылғы әлем чемпионы, 2007 жылғы Азиада ойындарының чемпионы, Қазақстанның ұлттық құрамасының мүшесі 17 жасар Назерке Малқайдарова әлем чемпионатында тағы бір рет жеңіске жетуді армандайды.

Бұл туралы спортшы қыз қала әкімі Ислам Әбішевтің үздік спортшылармен болған кездесуінде мәлім етті.
Спорттық жылдың қорытындысы шығарылған және алдағы жоспарлар нақтыланған бұл кездесуде облыстың үздік спортшыларына наградалар мен сыйлықтар табыс етілді.
Спортшыларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаған әкім, оларға «шеберліктері мен кәсібиліктерін әрі қарай шыңдауға» тілектестігін білдірді және Қазақстан спортына қосып отырған үлестеріне жоғары баға берді.