Ослодағы АҚШ елшілігі маңындағы жарылыс теракт болуы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – Осло қаласындағы АҚШ елшілігінің маңында болған жарылыс террористік шабуыл болуы мүмкін. Норвегиялық полиция осындай болжам жасап отыр. Тергеу нұсқаларының біріне сәйкес, бұл арнайы дайындықпен жасалған шабуыл болуы ықтимал, деп жазады Agenzianova.

Ослодағы АҚШ елшілігі
Фото: agenzianova

- Бұл оқиғаны қазіргі саяси және қауіпсіздік жағдайымен байланыстыра қарастыру орынды, — деді бірлескен тергеу-барлау бөлімінің басшысы Фрод Ларсен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жарылыс белгісіз жарылғыш құрылғысының іске қосылуынан болуы мүмкін. Сонымен қатар полиция шабуылдың нақты елшілік нысанына бағытталғанын жоққа шығармайды.

- Бұл террористік акт болуы мүмкін. Алайда біз бұған толық сенімді емеспіз. Оқиғаның басқа да себептері болуы мүмкін екенін де ескеруіміз керек», — деді Ларсен NRK мемлекеттік телеарнасына берген сұхбатында.

Бұған дейін полиция басшысы Майкл Деллемир жарылыс салдарынан бірнеше адамның жеңіл жарақат алғанын мәлімдеген.

Оқиға шамамен түнгі сағат 01:00 шамасында болған. Билік өкілдері тергеу енді ғана басталғанын айтып, қолданылған жарылғыш заттың түрі мен зардап шеккендердің жарақаты туралы нақты мәліметті әзірге жарияламай отыр.

Қазір полиция, кинологиялық бөлімшелер, дрондар мен тікұшақтар оқиға болған аумақты тексеріп, күдіктілерді іздестіріп жатыр. Құқық қорғау органдары куәгерлерді және қандай да бір ақпаратқа ие азаматтарды тергеуге көмектесу үшін полицияға хабарласуға шақырды.

Осыған дейін Ослодағы АҚШ елшілігінде жарылыс болғанын жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум