Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Осы айда Қаржы министрлігінің сайтында қоғам үшін «Азаматтық бюджет» бөлімі ашылады - Б.Жәмішев

АНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Осы айда Қаржы министрлігінің сайтында қоғам үшін «Азаматтық бюджет» бөлімі ашылады.

Осы айда Қаржы министрлігінің сайтында қоғам үшін «Азаматтық бюджет» бөлімі ашылады - Б.Жәмішев

Бұл туралы бүгін Қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Болат Жәмішев мәлім етті.

Бюджеттің ашықтығын қамтамасыз ету үшін қандай да бір заңнамалық актіні қабылдаудың еш қажеттігі жоғын, тек, ең алдымен қоғамға түсінікті үлгіде бюджеттің орындалуы туралы ақпараттар жариялау керектігін баса айтқан министр: «Қаржы министрлігінің сайтында ағымдағы айдың өзінде бюджет қаржысын пайдаланудың негізгі бағыттары бойынша бөлімшелері бар «Азаматтық бюджет» бөлімі ашылады», - деді.

Сондай-ақ оның атап өтуінше, таяу уақытта Қаржы министрлігі Бюджет кодексіне сәйкес дайындалатын есеп түрінде емес, негізінен халыққа түсінікті үлгіде 2010 жылғы бюджеттің орындалуы туралы ақпараттарды да орналастыруды бастамақ.