11:50, 06 Наурыз 2009 | GMT +5
Осы күнге жеткеніме бақыттымын ? 106 жастағы тұрғын пікірі
ОРАЛ. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Қазталов ауданы осы аттас ауылдық округіне қарасты Сексенбаев елді мекенінде 106 жастағы Күріш Зұлқарнаева есепке алынды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жүз алты жастағы әжей 1903 жылы қаңтардың 5-інде дүниеге келген. Ол жеті баланы өсірген, он бір немересі, алты шөбересі бар. Күріш әже әлі де тың, өзін жақсы сезінеді, халық әндерін орындағанды ұнатады. «Осы күнге жеткеніме бақыттымын. Елімнің өсіп-өркендегенін көріп отырмын. Ең бастысы, ел-жұртым, ұрпағым аман болсын», деді ол ризашылықпен.
Ғасыр жасаған анаға ескерткіш сыйлық табыс етілді.