Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Осы уақытқа дейін екінші дәрежелі банктер арқылы шағын және орта бизнесті қолдауға бөлінген қаражаттың 33,7 млрд. теңгесі игерілді

АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Осы уақытқа дейін екінші дәрежелі банктер арқылы шағын және орта бизнесті қолдауға бөлінген қаражаттың 33,7 млрд. теңгесі игерілді.

Осы уақытқа дейін екінші дәрежелі банктер арқылы шағын және орта бизнесті қолдауға бөлінген қаражаттың 33,7 млрд. теңгесі игерілді
Бұл туралы ҚазАқпарат «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бүгінге дейін шағын және орта бизнесті қаржыландыру мәселесі бойынша 685 жобаның келісімі жасалан. Бұнымен қоса, осыған дейін несиелерді қайта қаржыландыруға байланысты 21,6 млрд. теңгені құрайтын 472 жоба жасалған болатын. Тоқтала кететін жайт, осы аптадағы көрсеткіш өткен наурыз айының 24-індегі есеппен салыстырғанда жобалар саны 192-ге кемігенін көрсетеді. «Бұның негізгі екі себебі бар. Біріншіден, «БТА банкі» наурыздың 27-ісінде таратқан ақпараты теріс болып шықты. Яғни, банк бұнда жобалар санын бөлінген қаражат мөлшерімен шатастырып алған. Екіншіден, бірқатар кәсіпкерлер келісім жасалғаннан кейін, өздері жайлы ақпаратты тиісті тексеретін органдарға беруден бас тартқан. Демек, олар несие алудан да бас тартқан болып отыр. Мұндай жайттар «Kaspi bank», «Банк Астана-финанс», «АТФ Банк» секілді бірқатар банктерде орын алды», делінген баспасөз қызметінің таратқан ақпаратында. Республика өңірлеріне шағып қарағанда, Алматы, Астана қалалары мен Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстары бөлінген қаржыны толық игерген. Сонымен бірге, игерілген қаржының 37,9 пайызы сауда, 32 пайызы қызмет көрсету саласына, 12,7 пайызы өнеркәсіп салаларына тиесілі болып табылады.