Осы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 34,4 пайызға өсті

АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - 2010 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 34,4 пайызға өсті,

Осы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 34,4 пайызға өсті

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.

«2010 жылғы қаңтар-наурызда сыртқы сауда айналымы (Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау комитетінің деректері, ұйымдаспаған сауда есебінсіз) 18813,2 млн. АҚШ долларын құрап, 2009 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 34,4 пайызға өсті», делінген ҚР Статистика агенттігінің бүгінгі таратқан хабарламасында. Оның ішінде экспорт - 13458,3 млн. АҚШ долларын құрап, 67,9 пайызға өссе, импорт - 5354,9 млн. АҚШ долларын құрап, 10,5 пайызға азайған.

Есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымы (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 870097,4 млн. теңгені құрап, 2009 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 10,9 пайызға өсті. Ал, көтерме сауда тауар айналымы 1922443,5 млн. теңгені құрап, 2009 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 13,3 пайызға артты.