08:48, 16 Қаңтар 2009 | GMT +5
Осыдан 100 жыл бұрын Павлодарда қандай газеттер оқыған?
ПАВЛОДАР. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда «Павлодардың Ертіс жағалауындағы басылымдар. Орыс тілді басылымдар тарихынан» деп аталатын кітапша жарық көрді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның авторы - өмір бойы облыстың өмірін зерттеумен айналысып келе жатқан тарих ғылымдарының кандидаты Мария Тереник Павлодар өңірінде басып шығарылған газеттер туралы баяндайды. 1917 жылдың тамыз айында «Народная свобода» конституциялық демократтар партиясының органы ? «Свободная степь» деп аталған алғашқы қалалық газет жарық көрген. Қараша айында басылым Уақытша үкіметті қолдаушы павлодарлық кооперативтер серіктестігінің иелігіне өтіп, олар тақтарынан тайғаннан кейін Кеңес одағына қарсы әрекет еткен, кейіннен басылым жабылып, мүлкі тәркіленген. Павлодардағы алғашқы кеңестік газет - «Объединение» басылымы - павлодарлық кеңестік биліктің органы болған. Оны қазіргі облыстық «Звезда Прииртышья» басылымының ізашары деп айтуға болады, дейді кітапша авторы. М.Тереник өз жұмысында басқа да 9 басылымды зерттеген, оның ішінде кадет-эсерлік мазмұндағы және Колчаковтың тұсында шыққан екі басылым бар.