Отандық өнерпаз «Ла Скала» театры академиясында тағылымдамадан өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық опера әншісі Әйгерім Алтынбек әлемдегі ең беделді опера өнері оқу орындарының бірі — «Ла Скала» театры академиясында тағылымдамадан өтеді, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Отандық өнерпаз Әйгерім Алтынбек «Ла Скала» театры академиясының тағылымдамасына қабылданды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Бейнежазба арқылы өткен алдын ала іріктеуге 400-ден астам үміткер қатысқан. Олардың ішінен 12 үздік орындаушы таңдалып алынды. Солардың қатарында Қазақстанның атынан қатысқан Әйгерім Алтынбек те бар.

Отандық өнерпаз Әйгерім Алтынбек «Ла Скала» театры академиясының тағылымдамасына қабылданды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Опера әншісі Әйгерім Алтынбек — көптеген халықаралық вокалдық байқаулардың лауреаты. Ол танымал композитор Джакомо Пуччинидің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық опера әншілері байқауында жеңімпаз атанды. Сонымен қатар Италияның Модена қаласында өткен Николай Гяуров атындағы опера әншілерінің халықаралық байқауында үшінші орынды иеленді. Қазақстандық әнші атақты италиялық опера әншісі Мирелла Френидің арнайы сыйлығын алды.

Отандық өнерпаз Әйгерім Алтынбек «Ла Скала» театры академиясының тағылымдамасына қабылданды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

— Әлемнің 470 қатысушысы қатысқан Рената Тебальди атындағы халықаралық вокал конкурсында өнерпаз екінші орынға ие болды. 25 маусымда әлемге әйгілі Хосе Каррерастың концерті өтеді. Осы кеште Әйгерім Алтынбек те бой көрсетеді. Концертте әлемдік опера ариялар шырқалып, танымал дуэттер өнер көрсетеді. 27–28 маусымында Италияның Неаполь қаласында Андреа Бочеллидің мерейтойлық концертіне қатысып, аты аңызға айналған тенормен бір сахнада ән шырқайды. Бұл жетістік — оның білімге деген ұмтылысы мен кәсіби шеберлігінің жемісі. Сонымен қатар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жас таланттарды қолдауға бағытталған ауқымды жұмыстың нәтижесі, — делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін Литвада Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қатысты деректер табылғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар